АУДАН ӘКІМІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ 90 ЖАСТАҒЫ АНАНЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

0 30

Халықаралық Әйелдер күні мерекесіне орай, аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Арғымбаев Қайрат Рахымбайұлы Жамбыл ауылының тұрғыны Тоқтарбүбі Ермекбайқызын торқалы 90 жасымен арнайы барып құттықтады. ⠀

Тоқтарбүбі анамыз 9 бала, 20 немере, 18 шөбере сүйіп, киелі қарашаңырақтың ұйытқысы болып отыр. ⠀

Қайрат Рахымбайұлы қарт ананы мерекемен құттықтап, отбасына амандық, зор денсаулық тілеп, аудан әкімі Жорабек Нұрмергенұлының құттықтауын жеткізді. Салт-дәстүр бойынша ақ жаулық жауып, камзол кигізді. ⠀

Саналы ғұмырын еңбек пен ұрпақ тәрбиесіне арнаған анамыз осындай мерекелі күні қуанышын бөліскені үшін ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.