Құрметті ұстаздар, білім саласының ардагерлері мен қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз – адам өміріндегі ең қадірлі, ең қасиетті тұлға. Ұстаз – ұрпақтың шамшырағы, елдің ертеңін қалыптастыратын рухани сәуле. Сіздердің әрбір берген біліміңіз, айтқан сөзіңіз, көрсеткен үлгіңіз – жас буынның жүрегінде із қалдырып, болашағына бағыт-бағдар береді.
Ұстаздар күні – бұл тек білім саласының ғана емес, бүкіл қоғамның ұстазға деген шынайы құрметін білдіретін ерекше күн. Бұл – елдің ертеңін тәрбиелеп отырған сіздердің еңбектеріңізге тағзым ететін күн.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалім – адам тәрбиелейтін ең абыройлы мамандық, ұстаздың мәртебесін көтеру – мемлекеттің басты міндеті екенін үнемі айтып келеді. Осы бағытта соңғы жылдары елімізде мұғалімдердің әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша нақты қадамдар жасалды. Ұстаздардың еңбекақысы елеулі түрде артты, олардың кәсіби дамуына, мәртебесін көтеруге ерекше көңіл бөлінуде. Бұл – ұстаз еңбегіне берілген әділ баға.
«Ұстаз – ұлы есім», «Ұстаздан үлкен тұлға жоқ» деген халық даналығы сіздердің қоғамдағы орныңызды айқын көрсетеді. Сіздер – тек білім беруші ғана емес, елдің болашағын қалыптастырушы, рухани тәрбиеші, адамгершілік пен парасаттылықтың үлгісі болып келесіздер.
Меркі ауданының білім саласында еңбек етіп жүрген әрбір ұстазға алғысымды білдіремін. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз, адал қызметтеріңіз – ауданымыздың дамуына, ұрпақ тәрбиесіне қосқан өлшеусіз үлес.
Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық шабыт, отбасы амандығы мен шәкірттеріңіздің құрметіне бөлене берулеріңізді тілеймін. Еңбектеріңіз жана берсін, мерейлеріңіз үстем болсын!
Мерекелеріңізбен, құрметті ұстаздар!
Алдыңғы жазба
Келесі жазба