Аудан әкімі лагерьдің дайындығын тексерді

0 27

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мәселенің бірі болып саналады.Сондықтан, балалардың жазғы демалысын лагерьде өткізуін қам­тамасыз ету мақсатында, ұйым­дастыру шаралары қазірден пысықталуда. Осы орайда аудан әкімі Жорабек Баубеков тау аумағында балалар лагеріндегі дайындық жұмыстарын тексерді.

Жорабек Нұрмергенұлы лагерьдегі абаттандыру және ағымды жөндеу жұмыстарын назарға алды. Дайындық жұмыстарын жоғары деңгейде ұйым­дастыру қажеттігін айтқан аудан басшысы жауапты басшыларға бірқатар тапсырмалар берді.
Сондай-ақ, аудан әкімі жазғы демалыс кезінде алдымен балалардың қауіпсіздігін басты назарда ұстауды қатаң тапсырды.

Қауіпсіздік шаралары жан-жақты қамтасыз етілу керектігін, төтенше жағ­дайлардың алдын алуға бағытталған ережелер мен санитарлық талаптардың қатаң сақталуын міндеттеді.
Биыл балаларға мектеп жа­нындағы лагерь 1-маусым мен 25-маусым ара­лығында екі кезеңмен ұйым­дастырылса, 17-маусымнан бастап 27-шілде ара­лығында 300 бала үш ауысыммен лагерьге барады деп жоспарлануда.

Лагерьмен әртүрлі әлеуметтік категорияларға жататын отбасылардың балалары жас ерекшеліктеріне қарай қамтылады.