АУДАН ӘКІМІ «КҮНШУАҚ» МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНДА БОЛДЫ

0 23

Аудан бойынша орталық ауруханамен қатар, «Мейірім Меркі» және «Күншуақ» медициналық орталықтары да аудан халқына қызмет көрсетеді.

Аудан әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы кезекті таңғы зерделеу жұмыстарын «Куншуақ медициналық орталығында жалғастырып, ондағы келушілерге жасалған жағдай және жұмыс барысымен танысты.

Мекеме қызметкерлерімен сөйлесіп, аудандағы медициналық қызмет сапасын көтеру бойынша пікір алмасты. Салада орын алып жатқан мәселелер бойынша дәрігер мамандардың ойын тыңдады.

«Күншуақ» медициналық орталығында заманауи үлгіде барлық жағдай жасалған. Медицина мекемесінің жұмысымен бас дәрігер Раушан Махатова таныстырды.

Онда барлығы 33 медицина қызметкері, оның ішінде 16 дәрігер жұмыс істейді. Бас дәрігердің айтуынша орталықта маман тапшылығы жоқ.

Қазіргі уақытта «Куншуақ» медициналық орталығына 3204 адам тіркелген болса, оның 1033-і 18 жасқа дейінгі бала. Тіркелген барлық азаматтарға функционалды диагностика қызметтерінің барлығы және УЗИ мен рентген қызметтері де көрсетіледі.

Сонымен қатар медициналық орталық 11 орынға арналған стационар, дәріхана және 4-санаттағы жедел жәрдеммен қамтылған. Бас дәрігердің атуынша, жақын күнде зертхана да ашылады.