Аудан әкімі көпбалалы аналарды марапаттады

0 28

Бүгін аудан әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы бірқатар көпбалалы анаға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» марапаттарын табыстады. 

Аудан әкімі көп бала дүниеге әкеліп,  оларды тәрбиелеп өсіру – бұл аналар үшін үлкен мәртебе екенін айтып,  алғыс білдірді.

Сонымен қатар көпбалалы аналар еліміздің демографиялық дамуына үлкен үлес қосып отырғандарын жеткізіп,  аналарға отбасылық қуаныш,  мықты денсаулық тілеп ізгі ниеттерін жеткізді.

ҚР Президентінің Жарлығымен Марал Жақыпбекова, Назия Исақұл және Светлана Палимбетова – Алтын алқамен; Зәуре Байдәулетова, Бурлият Батчаева, Ардақ Бекбаева, Алтынай Кушикбаева, Айгерім Садықова, Батима Сағат,  Қатира Сырманова, Айгерім Тастанбекова – Күміс алқамен марапатталды.