Аудан әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлының ҚР Конституциясы күні мерекесімен құттықтауы

0 20

Құрметті меркіліктер!
Баршаңызды 30-тамыз – ҚР Конституциясы күнімен құттықтаймын!
Мемлекеттігіміздің заңды кепілі – Ата Заңымыздың қабылданған күні біз үшін ерекше мереке болып табылады.

Осыдан 29 жыл бұрын халқымыз жалпыхалықтық референдум өткізіп, тарихи таңдауын жасаған еді. Осы уақыт ішінде Ата Заңымыз мемлекетіміздің дамуына, көркеюі мен гүлденуіне негіз болып, Тәуелсіздігімізді нығайта түсті.

Ата Заңымызда мемлекеттің ең қымбат қазынасы адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп көрсетілген. Сондықтан, Конституцияның нормаларын берік ұстанып, адам құқықтары мен құндылықтарын сақтау – Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті парызы деп білемін.

Елімізде тұратын әрбір адам Ата Заңымызды құрметтеп, сақтауы тиіс. Қазақстан Республикасының Конституциясында нақты бекітілген қағидаттарды сапалы және тиімді іске асыру мемлекет пен қоғамның маңызды міндеті болып табылады. Өйткені, ол еліміз бен қоғамның тұрақтылығына, халқымыздың әл-ауқатының артуына ықпал етеді.

Конституция негізінде еліміз құқықтық мемлекетке айналып, әлемнің өркениетті дамыған елдерімен бірдей, демократиялық принциптермен дамуды жалғастырып келеді. Құқықтық жүйені берік орнатып, әлеуметтік-экономикалық дамуға, ішкі және сыртқы саясатта орнықтылыққа қол жеткіздік. Елімізде қоғамдық келісім, бейбітшілік пен тұрақтылық орнады.

Баршаңызды Конституция күнімен тағы да шын жүректен құттықтаймын! Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін. Отанымыз – Қазақстанның болашағы жарық, келешегі кемел болсын. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, береке мен бірлігіміз арта берсін. Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін!
Мереке құтты болсын!