Аудан әкімі Ақарал, Сұрат, Жаңатоған округтерімен танысты

0 20

Аудан әкімі Ербол Жиенқұлов Ақарал, Сұрат және Жаңатоған ауылдық округтерінде жұмыс сапарымен болып, негізгі әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысты.Ақарал ауылдық округінде Ербол Жұмабекұлы мәдениет үйі мен №5 және №16 жалпы білім беретін мектептердің жұмысын тексеріп, ветеринариялық пункттің жағдайына назар аударды.

Сұрат ауылдық округінде ескі дәрігерлік амбулатория мен әкімшілік ғимараттардың жағдайын бағалап, №19 және №23 мектептердің қызметімен танысты. Сонымен қатар, «Батыр» шағын орталығының жұмысын көріп, балалардың білім алуына жасалған жағдайларды зерделеді.

Жаңатоған ауылдық округінде Қостоған ауылындағы М.Жылысбаев атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектеп пен ауылдық мәдениет үйінің жұмысын қарады. Сондай-ақ, ветеринариялық пункт пен дренажды арық мәселелері де назарға алынды. Қызыл сай бастауыш мектебі мен Мыңқазан ауылындағы ескі кітапхана және кіші футбол алаңының жай-күйі де бақылауға алынды.

Әкім өз сапары барысында барлық округтерде тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту және ауылдық нысандардың тиімді қызмет көрсетуін қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты күшейту керектігін айтты.

АУДАН ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ