Қазақстанда атом электр станцияларын салу бұл уақыт талабы. Заман күнде өзгеріп жатыр. Электр энергиясына қажеттілік он жылда он есе қажеттілік артады. Сондықтан атом электр станциясы ғана бұл тығырықтан шыға алады.
Атом энергиясы атмосфераға зиянды шығарындыларсыз орасан зор энергия өндіруге мүмкіндік береді. Бұл оны климаттың өзгеруіне қарсы күресте маңызды элемент етеді. Қазақстан уранның бірегей қорларына ие бола отырып, бұл ресурсты электр энергиясын өндіру үшін пайдалана алады, бұл елге отын импортына тәуелділікті азайтуға және энергетикалық Тәуелсіздікті нығайтуға мүмкіндік береді.
Төрт жарым грамм 350 мұнай өнімін, 500 тонна көмірді алмастырады екен. Атом энергетикасы ғылым мен технологияны дамытуға, жұмыс орындарын құруға және инфрақұрылымды жақсартуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл жай ғана экономикалық шешім емес, бұл Қазақстан экологияға зиян келтірмей дами алатын орнықты болашақты құруға жасалған қадам. Атом электр станцияларының арқасында біздің еліміз өзін таза және сенімді энергиямен қамтамасыз ете алады, бұл халықтың өмір сүру сапасын арттырады және ұзақ мерзімді экономикалық өсуге жағдай жасайды. Сол сияқты құрылыс кезінде 8000, ал жұмыс істеген кезде 2000-3000 адамды жұмыспен қамтиды екен. Менің өз ойым станция міндетті түрде керек. Елді ойландыратыны, оның хауіпсіздігі. Осы мәселе орынды шешімді деп ойлаймын.
Серік ҚҰРАЛБАЙ,
Меркі ауданының «Құрметті Азаматы», Қазақстанның Құрметті журналисі.