Ата өсиеті – ұрпаққа мұра

0 23

15-мамыр – Отбасы күніне орай |Жамбыл ауылдық округі аналар кеңесінің төрайымы Өмірбекова Әшімкүлдің ұйымдастыруымен №35 жалпы орта білім беретін мектепте «Ата өсиеті – ұрпаққа мұра» тақырыбында іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты: ата-бабамыздан қалған ұлағатты, тәлім-тәрбие берерлік өсиет сөздерін бүгінгі жас ұрпаққа жеткізу.

Атаулы шараға аудан әкімінің орынбасары Мейірхан Азатұлы, «AMANAT» партиясы Меркі аудандық филиалының төрағасы Күлайым Жексембіқызы, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық ардагерлер кеңесі, аудандық және ауылдық округ аналар кеңесінің төрайымдары және «Береке әжелер» тобы қатысты.

Салтанатты түрде шара қонақтарын қарсы алған соң, мектеп директоры Сәуле Асанқызы бүгінгі мерекемен құттықтап, аудан әжелеріне деген жылы лебізін білдірді.
Аудан әкімінің орынбасары Мейірхан Азатұлы шараның түпкі мақсатын ашық түсіндіре отырып, ардагерлер мен аналар кеңесінің атқарып жатқан барша еңбектері, жастарға көрсетіп жүрген тәлім-тәрбиелері үшін алғысын айтты.

Алтын кітапқа енген аналарымызға төсбелгілерін табыстап, алғыс хаттармен марапаттады.
Сонымен қатар, шара барысында әкелер мен аналардың құрметіне концерттік бағдарлама қойылды.
Оқушылар «Ана сатып аламын» тақырыбында өлең оқып, ауыл ақсақалдары мен әжелер тарапынан тәрбиелік мәні бар қойылымдар көрсетілді.