Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі.«Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» – деген дана халқымыз. Сондай игі іс психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға жасалды.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын», – демекші, «Азиялық Несие Қоры Микроқаржы ұйымы» ЖШС басқарма төрайымы жаны жайсаң қамқор жандар Жакупова Жанна Болатханқызы мен Сыпатай батыр офисінің басшысы Гүлшат Алсеитова мекемеміздің логопед кабинетінің толықтай жабдықталуына өз үлестерін қосып, демеушілік көмек көрсетті.
Логопед сабағына қажетті әртүрлі дидактикалық материалдар, артикуляциялық жаттығуға арналған, тыныс алу жаттығуларына арналған, логопедиялық зондтар, стерилизатор және т.б дидактикалық материалдармен қамтамасыз етілді.