Әлеуметтік-экономикалық даму тұрақты өсімде

0 5

Меркі ауданының әкімі Ербол Жиенқұлов­­тың төрағалығымен аудан­дық аппарат кеңесі өтті. Кеңесте 2025 жыл­дың қорытындысы бойынша аудан­ның әлеуметтік-экономикалық да­му көрсеткіштері мен барлық индика­торлардың орындалу барысы жан-жақты қаралды. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Абылай Ахметжанов баяндама жасады. Баян­дамашының айтуынша, есепті кезең­де аудан экономикасының барлық негізгі салаларында тұрақты өсім қалыптасқан.

Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 48,4 млрд. теңгеге жетіп, негізгі капиталға салынған инвестициялар 35,4 млрд. теңгені құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемі де артып, 32,2 млрд. теңгеге жеткен. Сонымен қатар, аудан бюджетінің кіріс бөлігі жоспардан асыра орындалып, қаржылық тұрақтылық қамтамасыз етілген.

Кеңес барысында аудан әкімі сала басшыларының алдағы жылға арналған жұмыс жоспарларын тыңдап, олардың нақты әрі нәтижелі жүзеге асырылуының маңыздылығына тоқталды. Әсіресе, эко­номикалық өсімді сақтай отырып, ха­лықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған жобаларды са­палы орындау қажеттігін атап өтті.

Ербол Жиенқұлов барлық ауылдық округтерде әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп, салалар арасындағы үйле­сімділікті арттыруды қатаң тапсырды. Сондай-ақ, әрбір бастаманың артында нақты жауапкершілік болуы керектігін ескертіп, көрсеткіш қуалау емес, нәтижеге жұмыс істеу басты талап екенін айтты.

Кеңес қорытындысы бойынша тиісті бөлімдер мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеліп, олардың орындалуы тұрақты бақылауда болатыны жеткізілді.