Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында «Адал азамат» тұжырымдамасын ерекше атап өтіп, оны ұлттың жаңа сапалық деңгейге көтерілуінің іргетасы ретінде көрсетті. Бұл жай ғана тәрбиелік бағдарлама емес – бұл қоғамның рухани жаңғыруының басты бағдары, жаңа қоғамдық этиканың, азаматтық жауапкершілік пен рухани тазалықтың көрінісі.
Ассамблея ардагерлері мен жастар ұйымдарының бұл үдеріске белсене араласуы аса маңызды. «Ассамблея жастары», Студенттік ассамблея, Жас ғалымдар клубы мен «Жаңа толқын» сынды құрылымдар мыңдаған жасқа бірлік пен патриотизмнің, әділдік пен жауапкершіліктің шынайы мектебіне айналып отыр. Бұл ұйымдар бүгінгі таңда Абай армандаған “Толық адам” идеалының жаңа заманға лайық өмірлік көрінісін көрсетіп келеді.
«Адал азамат» ұғымы – тек жеке тұлғаның мінезі ғана емес, бұл – тұтас ұлттың болмысына тән рухани өлшем. Адалдық – қоғамның желімі. Ол болған жерде сенім бар, бірлік бар, болашаққа берік қадам бар.
Ұлт болашағы – жастардың рухани кемелдігіне байланысты. Осы жолда Ассамблеяның тәрбиелік әлеуетін кеңінен пайдалану – уақыт талабы. Қоғамдық келісім мен рухани даму – осындай нақты бастамалар арқылы жүзеге асады.
Расылхан ДЖУНШЕЕВ, Жамбыл облыстық ҚХА Ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, философия ғылымдарының кандидаты.