ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН ТЕКСЕРДІ

0 35

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Меркі ауданына жұмыс сапары барысында әлеуметтік және құрылыс нысандарын тексеріп, кәсіпорындардың жұмысымен танысты.

Меркі ауылының маңындағы 77 және 33 гектар жаңа тұрғын үй алабына инфрақұрылым жүргізу жұмыстарымен танысты. Мұндағы жұмыстар жоспарға сәйкес, сәуір айында толығымен аяқталуы тиіс.

Бүгінгі таңда аудан бойынша 5 мыңнан астам азамат тұрғын үй кезегінде тұр.

Аймақ басшысы бұл жұмыстардың кезектегі азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етудегі маңыздылығын атап өтіп, жауаптыларға жергілікті халыққа түсіндірме жұмыстарын жүйелі жүргізу керектігін ескертті.

Қ.Жандарбеков атындағы өнер мектебіне барған облыс әкімі ұстаздар ұжымы және оқушылармен кездесіп, олардың ой-ұсыныстарын тыңдап, балалардың өнерімен танысты.