Бұл күні отбасы құндылықтары дәріптеледі. Ал халқымызда отбасы отауының ең биік тұсы шаңырақ деп аталады.
Сондықтан халқымызда шаңырақ ұғымының аясы өте кең. Жас жұбайлар үйленген кезде «шаңырақ көтерді» дейді немесе «шаңырақтарың шайқамасын» деп тілек айтып жатады. Бұл отау құрған жастар үшін тілектің ең ізгісі болса керек.
Ал сол шаңырақтың жылуы, отбасының ұйытқысы – ардақты аналар. Осы орайда, Шаңырақ күні мерекесінде аудандық орталық аурухананың перзентхана бөліміндегі аналарға мерекелік шара ұйымдастырылып, сыйлықтар тарту етілді.
Орталық аурухана бас дәрігері Мейрамбек Дәрменов жаңа босанған аналарды Шаңырақ күнімен құттықтап, олардың дендеріне саулық, сәбилеріне амандық, шаңырақтарына шаттық тіледі.
Жалпы мереке күні перзентхана бөліміндегі 19 анаға сыйлықтар берілді.